
2025 жылдың 12 айында ауданның өнеркәсіп секторы 2513,2 млн. теңге сомаға өнім өндіріп, қызмет көрсетті, нақты көлем индексі 2024 жылғы деңгейге қатысты 98,3% -ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2193,6 млн. теңгені құрады, НКИ 97,4%, оның ішінде: ет өнімдерінің өндірісі - 26,5 млн. теңге, НКИ 98,2%; химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі - 48,1 млн. теңге, НКИ 93,1%; машина жасау, техниканы жөндеу - 1621,9 млн. теңге, НКИ 93,8%.