Құжаттандыруды ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдардан келіп түсетін құжаттардың, басқа да қызметтік тапсырмалардың орындалу мерзімін және орындалуын, азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, хаттарын, шағымдарын қарауды бақылайды. Ауданда бизнесті дамыту жоспарларын, бағдарламаларын, іс-шараларын әзірлеу және орындау және іске асыру (талдау, перспективалар, мақсаттар, міндеттер, кестелік нысандар). Тақырыптық «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізуді ұйымдастыру, БАҚ-та материалдар жариялау. Өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингін, инфрақұрылымның қолданыстағы және ашық объектілерінің мониторингін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік секторы бойынша ауылдық аумақтарды дамыту мониторингі. Ауданда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, индустриялық-инновациялық даму, туризм және т.б. мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есептер дайындайды және ұсынады. Сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады. Аудан орталығы мен Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысады.