GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
«Статистикалық қызметтегі жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі «Статистикалық қызметтегі жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Кездесу барысында ЖАО-ның статистикалық қызметке қатысуы, шынайы ақпаратты уақытылы ұсыну және белгіленген талаптарды сақтау мәселелері талқыланды.Әдістемелік материал ретінде Ұлттық статистика бюросы QAZSTAT-тың «ЖАО-ның статистикалық қызметке қатысуы: ақпарат беру және белгіленген талаптарды сақтау» ұсынымдары пайдаланылды.

02 октября 2026
1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауданының зейнеткерлерін, оның ішінде бөлімінің ардагерлерін құттықтады.
Көп жылғы адал еңбегі, баға жетпес тәжірибесі және ауданымыздың дамуына қосқан үлесі үшін терең ризашылықтарын білдірді.❤️

08 сентября 2026
Семинар-кеңес

2026 жылғы 8 қыркүйекте Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Б. С. Молдағалиевтің төрағалығымен семинар-кеңес өткізілді.
Келесі мәселелер қаралды:
1. МӘМ бюджеттерін нақтылау кезінде құжаттар топтамасын ұсыну
2. 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алулар
3. Коммуналдық меншікті басқару
4. 2026 жылғы қаңтар-тамыздағы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы
5. 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы шоғырландырылған есепті тапсыру. Дт және Кт берешек
6. СҚО бойынша Тексеру комиссиясының 2026 жылғы тексеру қорытындылары
Кеңес қорытындысы бойынша жұмысты жақсарту үшін ұсынымдар мен хаттамалық тапсырмалар берілді.

27 июля 2026
«Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы

2026 жылдың 23 шілдесінде СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің ұжымы «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясына қосылды. «Таза бейсенбі» аясында біздің қызметкерлер бекітілген учаскені — Пресновка ауылындағы Интернациональная көшесін санитарлық тазалауға шықты.

13 июля 2026
2026 жылғы 13 шілдеде СҚО Жамбыл ауданы Майбалық және Өзерный ауылдық округтерінде жеке кәсіпкерлермен және АШТӨ мен экономиканың нақты секторы кәсіпорындарында жалақыны арттыру және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту бойынша жұмыс тобы өткізілді.
04 июля 2026
Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімінің ұжымында фотосурет туындыларын пайдалану кезінде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті
Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімінің ұжымында фотосурет туындыларын пайдалану кезінде авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында қызметкерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің түсіндірмелерімен егжей-тегжейлі танысты. Сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптары талқыланды.
02 июля 2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

2026 жылғы 2 шілдеде СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері аумақты абаттандыру бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Пресновка ауылының бекітілген Интернациональная көшесінде шөп шабу жұмыстарына белсенді қатысты.

30 июня 2026
2026 жылғы 24 маусымда СҚО Жамбыл ауданы Пресновка ауылында жеке кәсіпкерлерімен және АШТӨ мен экономиканың нақты секторы кәсіпорындарында жалақыны арттыру және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту бойынша жұмыс тобы өткізілді.
25 июня 2026
СҚО Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің жеке кәсіпкерлерімен және АШТӨ мен экономиканың нақты секторы кәсіпорындарында жалақыны арттыру және жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту бойынша жұмыс тобы өткізілді.
16 июня 2026
2026 жылғы 15 маусымда Қаржылық сауаттылық күні атап өтілуде

2026 жылғы 15 маусымда Қаржылық сауаттылық күні атап өтілуде. Осы атаулы күн аясында «СҚО Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-де ұжыммен қаржылық сауаттылықты арттыруға және қаржылық алаяқтықтан қорғануды профилактикалауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өткізілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы