2021 жылы «Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша 16627 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы төлендi немесе нақтыланған жоспардың 100%. Барлығы 57 адам көтерме жәрдемақы алды, оның iшiнде: бiлiм беру мамандары 37 адам, денсаулық сақтау 6 адам, Мәдениет 4 адам, әлеуметтiк қорғау 7 адам, спорт 1 адам, ветеринария 1 адам.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредиттердi 66954,7 мың теңге сомасына 16 маман алды, бұл нақтыланған жоспарға 100%-ды құрайды, оның iшiнде: бiлiм беру мамандары 6 адам, денсаулық сақтау 6 адам, мәдениет 2 адам, спорт 1 адам, агроөнеркәсiптiк кешен 1 адам.
Экономика және қаржы
бөлiмiнiң басшысы Б.Молдағалиев
Көтерме жәрдемақы
2021 жылдың 11 айында 42 маманға 12251,4 мың теңге немесе нақтыланған жоспардың 100% (бiр адамға 291700 теңге есебiнен) төлендi, оның iшiнде бiлiм беру саласы бойынша: 23 адам, денсаулық сақтау 6 адам, мәдениет 4 адам, әлеуметтiк қорғау 6 адам, спорт 1 адам, агроөнеркәсiптiк кешен — 2 адам.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредиттер
11 ай iшiнде тұрғын үй сатып алуға бюджеттiк кредиттердi 66954,7 мың теңге сомасына 16 маман немесе нақтыланған жоспардың 100% алды, оның iшiнде: бiлiм беру салалары бойынша — 3 адам, денсаулық сақтау 5 адам, спорт 1 адам, мәдениет 2 адам.



