2009 жылдан бастап ауылдық жерге кәсіби кадрларды тартуға бағытталған, 100 АЕК ( 2021 жылы 291700 теңге) сомасында көтерме жәрдемақы төлеуді, сондай-ақ 1500 АЕК (2021 жылы 4375500 теңге) аспайтын мөлшерде тұрғын үй сатып алуға не салуға бюджеттік кредит беруді көздейтін «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді)
2021 жылға қаржыландыру жоспарына сәйкес 35 көтерме жәрдемақы төлеуге 10210 мың теңге және 14 бюджеттік кредит беруге 61257 мың теңге бөлінді.
Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімімен жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2021 жылдың 18 наурызында Ашық есік күні өткізіліп, 5 адам түсініктеме алды.
2021 жылғы 23 наурызда Facebook әлеуметтік желісінде «Дипломмен ауылға бағдарлама» ақпараттық посты жарияланды, осыған ұқсас материал 2021 жылғы 16 сәуірде аудандық газеттерге орналастырылды.
2021 жылғы 21 сәуірде экономика секторының меңгерушісі Т. Змеевамен Facebook платформасында бағдарламаның негізгі ережелері бойынша брифинг өткізді.
Екінші жартыжылдықта Ашық есік күнін, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дөңгелек үстелдерді қайта өткізу жоспарланған.