GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
06 октября 2025
Таза Қазақстан

4 қазан күні Мыңбаев ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді.

13 января 2025
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылының іс-шаралар жоспары бекітілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматы облысында 2025 жылы өтетін Жұмысшы мамандықтар жылының іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл жоспар жұмысшы мамандықтарын насихаттау және олардың маңыздылығын арттыру мақсатында әзірленген.

Жұмысшы мамандықтар жылының ресми ашылуы «Адал еңбек – адал табыс» ұранымен 2025 жылғы 27 қаңтарда өтеді. Кампания аясында жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне арналған «Еңбек адамы» айдары бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл бастаманың маңыздылығын былайша атап өтті:

«Жұмысшы мамандықтары – кез келген экономиканың негізі. Біз әрбір облыс тұрғынына лайықты білім алып, тұрақты жұмысқа орналасу үшін қажетті жағдай жасаймыз. Жұмысшы мамандықтар жылының жүзеге асырылуы еңбек мамандықтарының беделін арттырып, еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыруға септігін тигізеді».

Кәсіпорындардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы мақсатты дайындыққа 300 адам қабылданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (200 студент) 50%-ға көп.

Анықтама: Жүргізілген сауалнама нәтижесінде 2024 жылы облыстағы еңбек ресурстарына қажеттілік 7724 адамды құрайтыны анықталды. Электрондық еңбек биржасында 1729 бос жұмыс орны бар.

Ең көп сұранысқа ие мамандықтар:

•мұғалімдер,

•медбикелер,

•дәрігерлер,

•жүргізушілер,

•автослесарьлар,

•электр-газ дәнекерлеушілер және т.б.

2024 жылдың басынан бері жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасы арқылы 24 838 жұмысшыға сұранысын қанағаттандырды. Қысқа мерзімді оқытудан 624 адам өтті, оның ішінде 88 адам ауыл шаруашылығы бағытында білім алды (жалпы санының 14,1%-ы).

Ауыл шаруашылығындағы жағдай

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 127 483 адам еңбек етуде. Олардың ішінде:

•12 312 адам – жоғары білімді,

•38 147 адам – орта кәсіптік білімге ие.

Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін қолдау үшін келесі шаралар жүзеге асырылуда:

•Еңбекақыны субсидиялау:

•2022 жылы – 310 жұмыс орнына,

•2023 жылы – 350 жұмыс орнына,

•2024 жылы – 374 жұмыс орнына субсидия берілді.

•«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы:

Соңғы үш жылда бағдарлама аясында 74 маман жұмысқа орналастырылды.

 

2025 жылы кәсіпорындардың сұранысы бойынша 700 адамды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту жоспарланып отыр. Оның:

•600-і – оқу ұйымдарында,

•100-і – тікелей жұмыс орындарында оқытылады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 320,4 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар, құрылыс мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындарының студенттерін осы саланың ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында Ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Құрылыс саласында ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе мен білім беріп келе жатқан еңбек әулеттеріне ерекше назар аударылады. Бұл отбасылық дәстүрлердің арнайы мамандықтардың дамуына қосатын үлесі атап көрсетілмек.

Жыл бойы кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Негізгі іс-шаралар қатарына:

•Халықаралық «TaiQAZAN» байқауы,

•Қазақстан колледждерінің «ТОП 100 студент» жобасы,

•«WorldSkills Qonaev – 2025» чемпионаты,

•«НаурызFest» және «MamandyqFest» семинарлары мен фестивальдері кіреді.

Маңызды жобалар

Жобалардың бірі – жаңа мамандықтар атласын әзірлеу және колледждерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету. Осы мақсаттарға бюджеттен 6 млрд теңге бөлінді.

2024 жылы бұл жұмыс төрт мемлекеттік колледжде жүзеге асырылды, ал 2025 жылы тағы екі оқу орнында жалғасын табады.

Қонаев қаласында 600 орындық жатақханасы бар 1250 орындық техникалық бағыттағы колледждің құрылысы басталады. Қазіргі уақытта эскиздік жоба дайындалып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Еңбек нарығының қажеттіліктері

Нарық сұранысына сәйкес, келесі жаңа мамандықтар ашу жоспарланған:

•«Гидротехникалық мелиорация»,

•«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»,

•«Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе».

Алматы облысы өндірістік аймақ ретінде жұмысшы мамандықтарды дамытуға белсенді жағдай жасап келеді. Маман даярлау жұмыстары тұрақты бақылауда және 2025 жылы да жалғаса береді.

Жұмысшы мамандықтарды танымал ету экономика мен қоғам үшін ұзақ мерзімді тиімділікке ие. Бұл бастама жаңа жұмыс орындарының құрылуына, еңбек нарығындағы тұрақтылыққа және жастардың әлеуетін ашуға ықпал етеді.

Алматы облысы елдің жетекші өңірлерінің бірі ретінде өз позициясын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға дайын. Жұмысшы мамандықтар жылы жаңа жетістіктерге серпін беріп, экономиканың тұрақты дамуы мен өмір сүру сапасының артуына негіз болмақ.

17 декабря 2024
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ӨТТІ

Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Шара барысында асыл тұқымды қойлар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы саласындағы үздік жетістіктер таныстырылды.

Жамбыл ауданы бүгінде облыстың ауыл шаруашылығындағы көшбасшысы болып, ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып отыр. Аудан облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің 22%-ын қамтамасыз етіп, алғашқы орында тұр. Мал шаруашылығында ірі қара малдың 19%-ы, қой мен ешкінің 44%-ы, жылқының 22%-ы аудан үлесіне тиесілі. Жыл басынан бері 13,5 мың тонна ет, 29,6 мың тонна сүт, 99,6 миллион жұмыртқа өндіріліп, тұрақты өсім байқалуда.

Егін шаруашылығында ауданның егістік алқаптары 104,6 мың гектарды құрап, облыстың өсімдік шаруашылығы өнімінің 36,6%-ын өндіруге мүмкіндік беруде. Биыл 120 мың тонна астық, 33 мың тонна көкөніс, 5,7 мың тонна майлы дақыл жиналды. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиялары 7,7 мың гектар жерге енгізіліп, егіншіліктің тиімділігі артты.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Биыл 429 миллион теңгеге 33 жаңа техника сатып алынып, бұл саладағы жаңарту көрсеткіші 80%-дан 53%-ға дейін төмендеді.

Ауданда шаруаларды қолдау мақсатында 19 мал бордақылау алаңы мен 6 сүт-тауарлы ферма жұмыс істеп тұр. “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында 125 жоба мақұлданып, 1,13 миллиард теңге несие берілді.

Шара соңында ауыл шаруашылығына елеулі еңбек сіңірген азаматтар аудан әкімінің арнайы марапаттарына ие болды.

12 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

05 декабря 2024
Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы Мыңбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы Мыңбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында ауыл халқының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Нұрлан Ертасұлы 2024 жылдың 10 айындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

 

Есепте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды жөндеу, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелер қозғалды.

 

Кездесуде тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың шешу жолдары қарастырылды.

06 сентября 2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккендердің тұрғын үйлерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Primeminister.kz.

6 қыркүйектегі жағдай бойынша 7 393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды, оның ішінде 5 313 нысан сатып алынды, 2 080 үй салынды.

Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы сомасы 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді. Сонымен қатар 34 247 отбасына 12 627,7 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін 9 994 млн теңгеге 21 880 отбасына 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қосымша төлем берілді.

23 января 2024
Жастарға арналған 2,5%- дық кредит

Жастарға арналған 2,5%- дық микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау немесе кеңейту үшін мақсатында беріледі.

23 января 2024
Автокөлік салығының борышкерлерімен жүргізілген жұмыстар.

Мыңбаев ауылындағы автокөлік салығының борышкерлерінен жеке сот орындаушылармен бірлесе отырып қарыздарды өндіру жұмыстары жүргізілді

20 апреля 2023
Құрметті Мыңбаев ауыл тұрғындары мен ШҚ басшылары!

Құрметті Мыңбаев ауыл тұрғындары мен ШҚ басшылары! Ауыл шаруашылық жануарларыңызды бірдейлендіру дерек қорына (ИСЖ) тіркелмеген мал басын, ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің мамандарына келіп тіркеу қажеттілігін хабарлаймыз.
Мекен-жай Жібек жолы 15 (Әкімшілік ғимараты)

20 апреля 2023
"Ауыл аманаты" жобасы бойынша

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен.

- несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін;

- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету.
Қосымша ақпаратты әкімшіліктен ала аласыздар!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы