
Спорт - дене мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Спорт материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойындық дене әрекеттері үшін жүйелі, арнайы бағытталған, құрылып және пайдаланылатын ағза құрылысының түрлері қызметінің және психологиялық қарқынды дайындығының, оған жалғасатын барынша толық қабілеттерін спорттық жарыс жолдарымен алдын-ала анықтайтын, қозғалыс әрекеттерінде көрсететін дене мәдениетінің табиғи бөлігі болып саналады.
Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада, Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы спорт кешені жұмыс жасайды. Спорт мектебінде бокс, күрес, футбол түрлерінен үйірмелер бар.