Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылына әкімідікке «AMANAT» партиясы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Ақсүйек ауылына Жунусов Гани Спартакулы, 1979 жылы туылған, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының су ғимаратының күзетшісі, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Ақсүйек ауылына Алтамашев Дулат Болатулы, 1990 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Ақсүйек ауылына Жасузакова Сымбат Аскаровна, 1990 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының бас маман-есепшісі , Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мойынқұм аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы С. Садуақасов