Мен вакцина салдырдым.
Мен Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылының тұрғыны, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Тұрмағанбет Ерден елімізде болып жатқан індеттен өзімді сақтау үшін ата - анамның рұқсатымен бүгін Пфайзер вакцинасын салдырдым. Маған вакцина салмас бұрын дәрігерлер кеңесін тыңдадым. Екпе салғаннан кейін өзімді әдеттегідей қалыпты жағдайда сезіндім. Барлық жасөспірімдерді осы вакцинаны салдырып өзін және жақындарын әлемді жайлаған індеттен сақтап қалуға шақырамын!