АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылы атқарған жұмысының жылдық қорытынды есебі және 2022 жылға арналған сайлау процесіне қатысушыларды сайлау алды оқытудың күнтізбелік жоспарының жобасын талқылау мақсатында жиын өткізілді. Оған Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төрайымдары мен хатшылары қатысты.
Жиында бірінші мәселе бойынша аудандық Сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Сәдуақасов өткен жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап, алға қойылған жоспарларын слайд арқылы көрсетіп өтті.
Содан соң жарыс сөзге аудан әкімінің аппарат басшысы М.Төлеулиев, №326 сайлау учаскесінің төрайымы Салима Исаева, төте сайлаумен сайланған Кеңес ауылдық округінің әкімі Ә.Мұқашев, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Елеуова, аудандық билер кеңесінің төрағасы, ауданның төбе биі Ж.Қалыбаев шығып, өздерінің атқарған жұмыстарын атап, өз ұсыныстарын білдіріп, сайлау комиссиясының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе 2022 жылға арналған сайлау процесіне қатысушыларды сайлау алды оқытудың күнтізбелік жоспарының жобасын талқылау бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловке сөз берілді. Ол өз сөзін мысалдар арқылы жиналғандарға түсінікті етіп жеткізіп, қызметте адал болуға шақырды.
Жиын соңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің Алғыс хатымен Кеңес ауылдық округі № 306 учаскелік сайлау комиссиясы төрайымы Зәуре Мауленова және Шығанақ ауылдық округі №484 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Жазира Сеиловалар марапатталды