Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округіне әкімідікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Шығанақ ауылдық округіне Кенетаев Алмаз Алимбайулы, 1991 жылы туған, Мойынқұм ауданы әкімі аппартының персоналды басқару бөлімшесінің басшысы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Шығанақ ауылдық округіне Сабитов Танатар Боранбайулы, 1963 жылы туған, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округінің әкі, Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Шығанақ ауылдық округіне Тусупов Дархан Рахметуллаевич, 1975 жылы туған, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі» филиалының Сары-Шаған жол дистанциясының №5 өндірістік бөлім бастығы, Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы