Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күнін насихаттау, түсіндіру, азаматтардың сайлау туралы, жалпы дауыс беру құқықтары жайлы білімдерін арттыруға және сайлаушылардың дауыс беруге қатысуын ынталандыруға бағытталған іс-шаралар Мойынқұм ауданы бойынша білім беру мекемелерінде және сайлау учаскаларында «Сенің сайлау құқығың», «Сайлауға және сайлануға конституциялық құқық», «Твое избирательное право» тақырыптарында сынып сағаттары және дөңгелек үстелдер өтті.
Іс-шаралар барысында сайлау туралы туындаған сұрақтарға жан- жақты тұшымды ақпараттар берілді. Барлық іс-шаралар санитарлық талаптарды сақтай отыра өтті.