ЖОБА
Мойынқұм ауданында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 787 қаулысына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мойынқұм ауданында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаға болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерлемесі бекітілсін.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.