Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданында 2022 жылғы 20 ақпанға Шығанақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын:
2. 2022 жылғы 20 ақпанға тағайындалған Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшсына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Ғ.Қалыбековке жүктелсін.