Қымбатты сарбаздар мен сардарлар!
Қадірменді мойынқұмдықтар!
Сіздерді барша отандастарымыз үшін мәртебесі биік, орны ерекше Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті, мұқалмас ержүректілікті, келісім мен достықты шынайы бейнелейтін жалпыхалықтық мереке.
Бұл — ерекше мереке, Қарулы Күштер ардагерлері мен сапта жүрген сарбаздарымызға құрмет көрсететін күн. Тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп жүрген жауынгерлердің бойынан Отанға деген адалдықтың үлгісін көреміз. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Мойынқұмдықтар бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.
Қымбатты жерлестер!Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілеймін!