Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды Қазақстан Республикасы Контитуциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция күні мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің көзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжаттың авторы – бүкіл Қазақстан халқы десе де болады. Осыдан 26 жыл бұрын 30 тамыз күні Қазақстан халқы өз жолын таңдап, тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясын бекітті. Содан бері аз уақыттың ішінде Қазақстанның Ата Заңы өзінің заман талабына лайықты екенін көрсетіп келеді.
Елбасы Н.Назарбаев: «Конституция біздің тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекет пен жалпы қоғамда мызғымас тұрақтылықты қалыптастырды. Осы жылдар ішінде біз барынша қуатты, экономикалық жағынан дамыған, саяси тұрақты мемлекет құруда орасан зор прогреске қол жеткіздік. Халықаралық қауымдастық бүгінгі Қазақстанды кеңінен танылған белгілі аймақтық көшбасшысы, құрметті әрі жауапкершілігі жоғары серіктестік ретінде қабылдайды»- деп атап өткен болатын.
Біз шын мәнінде ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конститутция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханиятың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен, жан-жақты, саяси-экономикалық әрі тең дәрежедегі қарым-қатынасты қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді құрметтеу тұтастай Ата Заңымыздың аясында атқарлып келеді.
Ардақты ағайын! Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияның қалыптасу тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау, оның тарихы мен маңыздылығын білу арқылы ғана біз өз елімізді, отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және ел дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, Конституцияны ардақтау әрбір азаматтың міндеті мен асыл парызы. Қадірменді жерлестер! Сіздерді атаулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілеймін!