Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың  22  маусымына тағайындалған Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтерінің әкім сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

                                                                                      

 

Мойынқұм аудандық

сайлау комиссиясының  

    2021 жылғы  6 мамыр

№ 10  шешімімен бекітілді

 

2021 жылдың  22  маусымына тағайындалған Мойынқұм ауданы Қызылтал және Қызылотау ауылдық округтерінің әкім сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

  1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.

                                               Аудандық сайлау комиссиясы.

                                                                                          (36-1-бап 3-тармақ)

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

Аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан

кейін 7 күннен кешіктірмей.

                                                                            (13-бап)

  1. 3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде аумақтық сайлау комиссиясына тиісті әкімнің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.

Аудан (қала) әкімі.

Сайлау күнінен 30 күн бұрын – 2021 жылғы  22 мамырдан басталады және сайлау күніне 25 күн қалғанда – 2021 жылғы  28 мамыр аяқталады.

                                                                                         (36-1-бап 3-тармақ)

  1. Таңдаушылардың тізімдерін жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте ілу.

Аудандық  сайлау комиссиясы тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Дауыс  беру  күніне  7  күн қалғанда –

2021 жылғы 14 маусым

                                                                                 (36-1-бап 10-тармақ)

  1. Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізу ережесінде қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау, тиісті хаттама жасау.

                               Аудандық сайлау  комиссиясы.

                                                       Үш күннің ішінде.  

                                                                         (36-1-бап 3-тармақ)

 

  1. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2021 жылғы 1 мамырына табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

                                              Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).

                                                                   Кандидат тіркелгенге дейін. 

                                                                                        (36-1-бап 3-тармақ)

  1. Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады  және дауыс беретін күнге 15 күн қалғанда 2021 жылғы 06 маусымда аяқталады.  

                                                                                           (36-1-бап 7-тармақ)

 

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілмен кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін

7-ші күннен кешіктірмей.

                                                       (14-бап 11-тармақшасы , 36-1-бап 5-тармақ)

 

  1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннің ішінде.                                                                                                                                (36-1-бап 3-тармақ)

  1. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

Аудандық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдерін тіркеу үшін берген сәттен бастап.

                               (14-бап 11-тармақшасы, 36-1-бап 2,7-тармақ)

 

  1. Кандидаттарға таңдаушылармен кездесулері үшін шарт негізінде үй-жайлар беру.

      Кандидаттардың бөлінген үй-жайда таңдаушылармен кездесу кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Тиісті аудандық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(36-1-бап 7-тармақ)

 

 

 

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттарды тіркеу аяқталған күннен басталады және сайлау күнiнiң алдындағы күнi – 2021 жылдың 21 маусымында  жергілiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады.                                                                                                                                                      (36-1-бап 7-тармақ)

  1. Аудандық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу.

Әкімдікке кандидаттар, олардың сенім білдірілген адамдары.

Кандидаттың тиісті аумақтық сайлау комиссияларына өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күннің ішінде. 

                                                                                          (36-1-бап 9-тармақ)

  1. Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

                                      Аудандық сайлау комиссиясы. 

                                      Кандидат тіркелгеннен кейін.

                                                                                            (36-1-бап 9-тармақ)

  1. Дауыс беруге арналған пунктті ашу, тиісті хаттама жасау.

Аумақтық сайлау  комиссиясы.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда.

(36-1-бап 2-тармақ)

  1. Әкімнің сайлауын өткізу. Әкімді сайлау жөніндегі дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету, әкімді сайлау нәтижелері туралы хаттама жасау.

                                         Аудандық  сайлау  комиссиясы.

Бір күннің ішінде - 2021 жылғы 22 маусымына                                                                                                                                  

                                                         (36-1-бап 2-тармақ)

  1. Сайланған әкімді тіркеу. Шешімді жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа ұсыну.

Аудандық  сайлау  комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап

бес күндік мерзімде – 2021 жылғы

27 маусымынан  кешіктірмей.                                                                                                                 (36-1-бап 11-тармақ)

  1. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беруі.

 Әкімдікке кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей  - 2021 жылғы 27 мамырынан  кешіктірмей.

(36-1-бап 9-тармақ)

 

 

 

  1. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жариялау.

                                                                  Аудандық  сайлау  комиссиясы

                                                                  Сайлау өткізілген күннен бастап

                                                                   7 күннен кешіктірмей – 2021 жылғы

                                                                   29 маусымынан  кешіктірмей.

                                              (14-бап 11-тармақшасы , 36-1-бап 11-тармақ)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметінен босату қағидалары нормаларына сілтемелер жасалды.

 

 

 

Дата публикации
11 мая 2021
Дата обновления
11 мая 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Интернет БАҚ
23 октября 2026
Баспа БАҚ
23 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы