Меню

Страницы

Статья

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2021 жылдың 17 наурызында Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының 2020 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауын Мойынқұм ауданында әзірлеу мен өткізудің қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді.

          Кеңес жұмысына Жамбыл облыстық  сайлау комиссиясының төрағасы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Наметқұлов Амангелді Наметқұлұлы қатысып,  Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садуакасов Сержан Калхаманұлы жүргізіп отырды.

          Кеңеске қатысушылар: сайлауын өткізу мен даярлау барысында жоғары белсенділік танытқан комиссия мүшелері және мекеме өкілдері.

Кеңейтілген отырыстың күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды:

  1. Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының жылдық есебі.

2.2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауды Мойынқұм ауданында  әзірлеу мен өткізудің қорытындысы туралы.

          3.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауын өткізу мен даярлау барысында  жоғары белсенділік танытқан азаматтарды марапаттау туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Садуакасов баяндама жасап, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов атқарылған жұмыстарға өз алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлауын өткізу мен даярлау барысында  жоғары белсенділік танытқан комиссия мүшелерін алғыс хатпен марапаттады.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Интернет БАҚ
23 октября 2026
Баспа БАҚ
23 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы