Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерді алуға жыл сайын өтініш беру тоқтатылды

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар мен қызметтерді алуға жыл сайын өтініш беру тоқтатылды

Мүгедектігі бар адамдар мүгедектіктің барлық мерзіміне бір рет aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – ӘҚП) арқылы қызметтер мен оңалту құралдарын алуға өтініш береді. Бұрынғы мемлекеттік сатып алу жүйесінде болған жыл сайын өтініш беру үрдісі алынып тасталады.

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Жаңа редакциядағы бұйрық мемлекеттік бюджет есебінен ӘҚП арқылы оңалту құралдары мен қызметтерін алуды реттейді.

Сондай-ақ, құжатта жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын және ымдау тілі маманының қызмет көрсету парағын электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы әлеуметтік қызметтер порталында келісу мүмкіндігі регламенттелген.

Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды жеке таңдау қажеттілігін ескере отырып, бұйрықта олардың түрлері, медициналық көрсеткіштері және оларға қарсы көрсетілімдер жазылған. 

Мысалы, егер бұрын оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) тек бөлме немесе серуен кресло-арбасын ұсынса, енді олардың саны 5-ке дейін артты (белсенді, көп функциялы, электр жетегі бар, қол, иінтіректі жетегі бар).

Бұдан басқа, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (бұдан әрі – МӘС) өзгерістер енгізілді.

 

Түзетулердің негізгі мақсаты – ескірген құқық нормаларын жою үшін құжатты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру. Атап айтқанда, «МӘС қорытындысы» және «Пациенттің/мүгедектің ОЖБ-сының медициналық бөлігі» нысандарының нөмірлері өзгертілді.

 

Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушының медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша құжаттарды (мүгедектігі туралы анықтама, ОЖБ-дан үзінді көшірме, жалпы/кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі туралы анықтама және т.б.) электрондық форматта ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, eGov.kz Электрондық үкімет порталындағы «Жеке кабинет» арқылы алу мүмкіндігі бөлігінде норма енгізілді.

Дата публикации
15 марта 2021
Дата обновления
15 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Интернет БАҚ
23 октября 2026
Баспа БАҚ
23 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы