26 қараша күні Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» алғашқы форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру және жас сайлаушылар арасында пікір алмасуға мүмкіндік беретін диалог алаңдарын қалыптастыру болып табылады.
Форум Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалып ашылды.
Мойынқұм ауданының әкімі Карентаев Ермек Амангелдіұлы форумды ашып бере отыра аудандағы мектеп президеттерін Алғыс хатпен мадақтап сыйлықтарын табыс етті.
Сондай ақ Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сембеков Мейіржан Ермекбайұлы сөз сөйлеп, жастарды белсенді болуға, ел болашағына үлес қосуға және өз таңдауын саналы түрде жасауға шақырды.
Жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау негізінде өткізілген іс-шарада Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садуақасов Сержан Қалхаманұлы, Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Күнту Мади Жәнібекұлы, Мойынқұм ауданы бойынша психоневралогиялық аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған 4-жастан 18-жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мәдени бұқаралық іс-шаралармен білім беру курстарын ұсыну" Нұр-Бала орталығының жетекшісі Дуйсекеева Аселья Мейрамбековна, Жас сайлаушылар клубының мүшесі Сағадин Сакен Теміржанұлы және Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «JASSTAR» мектеп парламенті жастар арасында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жастарды сайлау процесін тәжірибелік зерттеуге тарту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сайлауға қатысу дағдылары мен патриоттық сананы дамыту бойынша ой бөлісті. Сонымен қатар баяндамашыларға көрермендер тарапынан «Сайлауға 18 жасқа толмаған жастардың қызығушылығы не үшін маңызды?, Жастар сайлау процесі туралы дұрыс ақпаратты қайдан ала алады?, Жас сайлаушылар клубы қандай рөл атқарады? Және ол клубқа қалай кіруге болады?» деген сынды сұрақтар қойылып, сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Форумның мәдени бөлімінде Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер орындалып керемет қойылым көрсетіп форумды қызықтыра түсті.
Келесі кезекте Жас сайлаушылар клубының жұмысын ұйымдастыру мен өткізу барысындағы жоғары белсенділік танытқаны үшін, жастардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында аудан орталығындағы орта білім беру мектептерінің мептеп парламенттері Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы төрағасының « Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай ақ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің сый-сыяпаттары табысталды.
Форум соңына таман Мойынқұм ауданы мәдениет үйінің әншісі Саденов Қасымжан Сағадинұлының орындауында патриоттық «Атамекен» атты әні шырқалып форумға қатысушыларды рухтандырды.
Форумның соңында қатысқан 100-ге жуық қатысушы өздерінің ойлары мен пікірлерін құпия түрде жүргізілген сауалнама арқылы білдірді.