2024 жылғы 14 мамырда Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысына 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қарабөгет ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар С.Асанбаев, Б.Сатыбалдиев, М.Смагулов пен БАҚ өкілдері қатысты.
Комиссия отырысын аудандық сайлау комиссиясы төрағасы С.Садуакасов ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша айтып өтті.
Күн тәртібіндегі 1-ші сұрақ бойынша Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комисиясының төрағасы С.Садуакасов баяндама жасап, тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктерін тапсырды.
Күн тәртібіндегі 2-ші сұрақ бойынша тіркелген кандидаттарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (әрі қарай – Конституциялық Заң) сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі, сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы комиссия төрағасы кеңірек тоқталып, онда кандидаттар үгіт жүргізу кезеңінде Конституциялық Заңның сайлау алдындағы үгітке байланысты 27-32 баптарында көзделген талаптарымен таныстырды.
Сондай-ақ, Конституциялық Заңның 50-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені жөнінде айтты.
Сонымен қатар, Конституциялық Заңның 113-5 бабының
11-тармағында көзделген жағдайлардың орын алғандығы анықталса аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жоятындығы туралы ескертті.
Сайлау комиссия төрағасы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы С.Бекетұлы, өз кезегінде, кандидаттарға олардың сенімді білдірілген адам ретінде тіркелген өкілдеріне үгіт кезеңінде және дауыс беру күнгі тиісті құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершіліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.
Сонымен бірге кандидаттарғасайлауалды үгіт насихаттарын жүргізуге барлығы 220 000 теңге қаралғандығы айтылды.
Күн тәртібіндегі 3-ші сұрақ бойынша сайлау комиссиясының хатшысы Е.Жұмаділдә Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылдың 17 қарашадағы №314 қаулысына сәйкес кандидаттар сайлаушылармен кездесулерді белгіленген үй-жайларда кездесулер кестесіне сәйкес өткізу керектігін және барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген арнайы орындарда орналастырылуы қажеттігі туралы айта отырып, өзге үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізуге және өзге орындарға үгіт баспа материалдарын орналастыруға тыйым салынғаны туралы жеткізді.
Сайлау комиссия мүшесі А.Шегебаев сөз алып, кандидаттар сайлаушылармен кездесулер өткізу барысында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын сайлаушылардың назарына толық, әрі егжей-тегжей жеткізу және ауылдық округ аумағында қордаланған өзекті мәселелерді шешу жолында нақты ұсныстарын айту керектігі жөнінде кеңес берді.
Отырыс соңында кандидаттардың тарапынан қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.
Сайлау комисиясының төрағасы С.Садуакасов отырысты қорытындылап, қатысқан барлық қандидаттарға сәттілік тіледі.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы