«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес 2024 жылдың 5 наурызда сағат 10:00-де Мойынқұм аулындағы, Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратының мәжіліс залында (Қабышев 2), Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы С.К Садуакасовтың 2023 жылы атқарған жұмыстары және 2024 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы есебі өтеді.
Есепке сайлау процесіне қатысты жергілікті қауымдастық және ардагерлер кеңесінің төрағалары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылады.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы