Меню

Страницы

Статья

Мынарал ауылдық округі әкімінің сайлауына, кандидаттармен кездесу өтті

Мынарал ауылдық округі әкімінің сайлауына,

кандидаттармен кездесу өтті

Осы аптада аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Садуақасовтың төрағалығымен Мыңарал ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері бас қосқан жиын өтті. Жиналысқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосудың күн тәртібіне «Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы», «Тіркелген кандидаттарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (әрі қарай – Конституциялық Заң) сәйкес сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі, сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру, Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылдың 17 қарашадағы №314 қаулысына сәйкес кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін белгіленген үй-жайлар, сондай-ақ барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар туралы» мәселелер қойылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Садуақасов баяндама жасап, тіркелген кандидаттарға тиісті куәліктерін тапсырды.

Содан соң комиссия төрағасы екінші мәселеге кеңірек тоқталып, кандидаттар үгіт жүргізу кезеңінде Конституциялық Заңның сайлау алдындағы үгітке байланысты 27-32 баптарында көзделген талаптарымен таныстырды.

Сондай-ақ, Конституциялық Заңның 50-ші бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені жөнінде айтты. 

Сонымен қатар, Конституциялық Заңның 113-5 бабының
11-тармағында көзделген жағдайлардың орын алғандығы анықталса аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жоятындығы туралы ескертті.

Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Мыңбаев, кандидаттарға олардың сенімді білдірілген адам ретінде тіркелген өкілдеріне үгіт кезеңінде және дауыс беру күнгі тиісті құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершіліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сайлау комиссиясының хатшысы Ғ.Қалыбеков Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылдың 17 қарашадағы №314 қаулысына сәйкес кандидаттар сайлаушылармен кездесулерді белгіленген үй-жайларда кездесулер кестесіне сәйкес  өткізу керектігін және барлық кандидаттар үгіттік баспа материалдарын белгіленген арнайы орындарда орналастыру қажеттігіне назар аударып, өзге үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуін өткізуге және өзге орындарға үгіт баспа материалдарын орналастыруға тыйым салынғанын баса айтты.

Содан соң сөз алған жиында сайлау комиссиясының мүшесі А.Шегебаев әкім лауазымына кандидаттар сайлаушылармен кездесулер өткізу барысында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын сайлаушылардың назарына толық, әрі егжей-тегіжей жеткізу және ауылдық округ аумағында қордаланған өзекті мәселелерді шешу жолында нақты ұсныстарын айту керектігі жөнінде кеңес берді.

Отырыс соңында кандидаттардың тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Сайлау комиссиясының төрағасы С.Садуақасов отырысты қорытындылап, қатысқан барлық қандидаттарға сәттілік тіледі.

Дата публикации
24 января 2024
Дата обновления
24 января 2024
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Интернет БАҚ
23 октября 2026
Баспа БАҚ
23 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы