Меню

Страницы

Статья

Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері!

Құрметті қаржы жүйесінің қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық валюта — Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Биыл 1993 жылы 15 қараша күні ресми айналымға енген теңгемізге 30 жыл толып отыр. Ал, 1997 жылы Тұңғыш Президент Жарлығымен бұл күн әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылған күн болды. Елімізде төл теңгеміздің енгізілуі ұлттық нарықтық инфрақұрылымды жасауға, өзіндік қаржы-несиелік және бюджеттік-салық саясатын жүзеге асыруға және реформаның алғашқы жылдарында тиімді саяси экономикалық тұрақтылыққа алып келді. Ұлттық валюта күні қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атануы тегіннен-тегін емес. Тәуелсіздіктің 32 жылдық мерейтойында өндірісі өркендеп, шаруасы шалқи түскен ауданымыздың көркеюіне қаржы саласы қызметкерлерінің де қосқан үлестері мол. Сондықтан Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Есеп-қисапсыз ісі ілгері баспайтын жұмыстарыңыз қашанда жеңіл болған емес. Қаржы саласында қызмет ету - қажырлылықты талап етеді. Сіздердің арқаларыңызда бүгінде жалақымызды уақытында алып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы аудан экономикасының дамуында тұрақтылық сақталған. Сіздерге зор сенім арта отырып, алдағы уақыттағы барлық жоспарларыңыз орындалып, есептеріңіз нық, еңселеріңіз тік болуын тілеймін. Дендеріңізге саулық, отбасылық бақыт және сарқылмас күш-қуат тілеймін. Еліміздің гүлденуіне сүбелі үлес қоса беріңіздер!

Мойынқұм ауданының әкімі Ә.Балқыбеков

Дата публикации
16 ноября 2023
Дата обновления
15 ноября 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

23 октября 2026
Интернет БАҚ
23 октября 2026
Баспа БАҚ
23 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы