Меню

Страницы

Статья

Сайлау – саяси жүйенің кемелденген көрінісі

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының шешімімен ағымдағы жылдың 6 тамызында Мойынқұм, Жамбыл, Хантау ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына түсетін кандидаттар үшін сайлау алдындағы үгіт шаралары аталған ауылдық округтері әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталды. Үстіміздегі жылдың 16 шілдесінде сағат 18:00-де басталып, сайлау болатын күннен бір күн бұрын, яғни 5 тамыз күні сағат 00:00 -де аяқталады. Қазіргі кезде аталған ауылдық округтері әкімінің лауазымына түскен үміткерлер Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2465 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 27 бабының талаптарына сай өздерінің үгіт жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Әкім лауазымына үміткерлердің өмірбаяны мен сайлау алдындағы бағдарламалары аудандық "Мойынқұм таңы " газеті мен әлеуметтік желілерде жарияланды. Кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары өз округінде сайлау алдындағы жиналыс, сайлаушылармен жеке кездесу, жария пікір таластар мен пікір алысулар өткізуде. Сондай-ақ, үміткерлер өздерінің өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламалары басылған баспа, бейне материалдарын шығарып, көпшілік жиналатын орындар мен арнайы үгіт-насихат материалдарын орналастыратын тақталарға іліп, таратуда. Аудандық сайлау комиссиясының мү­шелері округ әкімдері сайланатын  Мойынқұм, Жамбыл,Хантау ауылдарына барып, ауылдық округ әкімі лауазымына кандидаттар мен сайлаушыларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық Заңында бел­гіленген сайлауалды үгіт жұмыстарын

жүргізу тәртібін кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар әкімдікке үміткерлер мен

олардың сенім білдірген адамдарына, сайлаушылармен жеке кездесулер, баспа, дыбыс-бейне және өзге де материалдар шығару, онлайн платформалар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
27 июля 2023
Дата обновления
27 июля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
Интернет БАҚ
23 октября 2026
Баспа БАҚ
23 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы