Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Сәдуақасовтың төрағалығымен Мойынқұм, Жамбыл, Хантау ауылдық округтері әкімі лауазымына кандидаттармен кездесу өтті.
Кездесуде алдымен сөз алған аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бүркіт Мыңбаев сайлау алдындағы үгіт-сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет екенін атап өтті.
Сайлау алдындағы үгіт - кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден бастап, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс беруді өткізген кезде сайлау алдындағы үгіт қайтадан дауыс беру күні тағайындалған күннен бастап, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады-деді Б.Мыңбаев.
Кездесу барысында сайлау алдындағы үгіт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, жиналыстар және сайлаушылармен кездесулер, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пікір алысулар, митингілер, шерулер, демонстрациялар және заңнамада белгіленген тәртіппен және осы «Қазақстан Республикасы сайлау туралы» Конституциялық заңында тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу жолымен атқарылатыны айтылды.
Басқосу соңында әкімдікке үміткерлер тарапынан бірқатар сауалдар қойылып, оған нақты тұщымды жауап берілді.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы