«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі №273 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3166 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нурадинов Алибек Нагыметуллаевичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.