Әкімнің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімі сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 8 ақпанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімі сайлауы өтті.

Шығанақ ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1607 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1116 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –19 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Шығанақ ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Бакбергенов Ербол Сарыуйсинбаевич үшін сайлаушылардың 71 дауысы берілді,

Қырғызбай Марапат Мұратұлы үшін сайлаушылардың 90 дауысы берілді.

Мусатаев Руслан Мадийулы үшін сайлаушылардың 926 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 13.

Сайлау қорытындыларымен: Шығанақ ауылдық округінің әкімі болып Мусатаев Руслан Мадийулы сайланды. 1993 жылы туған, «TransService-25» ЖШС директоры, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылының тұрғыны.

 

Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
09 февраля 2026