Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдардың 2025 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (3,1 %);
  • электронды түрде – 42 қызмет (43,8 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1 %).

 

2025 жылдың ІV тоқсанында облыс бойынша ЖАО 598 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде:

  • электронды түрде –    518 қызмет (86,62 %);
  • қағаз түрінде –    27 қызмет (4,51 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –  53 қызмет (8,86 %). 

 

2025 жылдың ІV тоқсанында ЖАО-мен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер фактісі орын алмады.

2025 жылдың ІV тоқсанында қызметті көрсетуден бас тарту фактісі орын алған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 14 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдарының

2025 жылдың ІV тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

 

         «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың ІV тоқсанында 1 бақылау іс-шаралары (Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесі) жүргізілді.

         Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептері-1, объективті себептері-0), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 1 заңбұзушылық анықталды.

         Атап айтқанда:

- электрондық цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану – 1 факт;

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 0.

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 2 ұсыным әзірленіп, орындалды.

         Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.

Дата публикации
29 января 2026