Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
бойынша атқарылған жұмыстар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрімен қоса алғанда 97 қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:
2025 жылдың 12 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 1825 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2024 жылдың 12 айында 1705 мемлекеттік қызмет көрсетілген). Оның ішінде:
- электронды түрде - 1485 қызмет (81,4%)
- қағаз түрінде - 83 қызмет (4,5%)
- қағаз түрінде (баламалы) - 257 қызмет (14,08%)
2025 жылдың 12 айында ЖАО тарапынан бас тартулар, мерзім бұзу фактілері орын алмады.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Ішкі бақылау жұмыстары бойынша
2025 жылдың 12 айында ЖАО тарапынан ішкі бақылау жұмыс жоспарына сәйкес, есептік мерзімде 4 ішкі бақылау жұмыстары (Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесі) жүргізілді. Бақылау барысында 30 заң бұзушылықтар (29 субъективті, 1 объективті) орын алды. Аталған бөлімге анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.
Ішкі байқау іс-шаралары бойынша
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 08 желтоқсандағы №78 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жүргізілді. Жүргізілген ішкі байқау іс-шараларының нәтижесі бойынша 38 заңбұзушылыққа жол берілгендігі анықталды. Аталған бөлімге анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 55 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 4 отырыс ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында және БАҚ-та тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.