Мойынқұм ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
2026-2028 жылдарға арналған «Азаматтық бюджет»
Құрметті сайт оқырмандары!
Сіздердің назарларыңызға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының 2026-2028 жылдарға арналған азаматтық бюджет ұсынылып отыр. Онда өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, аудандық бюджеттің негізгі параметрлері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражатты жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Бұл құжат келесі бөлімдерден тұрады:
- бюджеттің түсімдері мен шығыстары;
- бюджеттің тапшылығы (профициті).
Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы «Бюджетті жоспарлау және атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау, ұсыну және жариялау қағидаларын бекіту туралы» № 244 бұйрығына сәйкес әзірленген.