Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және113-1 бабының 1-тармағына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 8 ақпанға Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Шығанақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                С. Садуакасов

Хатшы                                                                 Е. Жұмаділдә

 

Мойынқұм ауылы,

31 желтоқсан 2025 жыл

№14

Дата публикации
31 декабря 2025