Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі және Мирный
ауылы әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және113-1 бабының 1-тармағына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 18 қаңтарға Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі және Мирный ауылы әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2026 жылғы 18 қаңтарға тағайындалған Қылышбай ауылдық округі және Мирный ауылы әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.
Төраға С. Садуакасов
Хатшы Е. Жұмаділдә
Мойынқұм ауылы,
10 желтоқсан 2025 жыл
№12