ЖОБА
«Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы №270 қаулысының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Мойынқұм ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 қазандағы №270 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4764 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нурадинов Алибек Нагыметуллаевичке жүктелсін.
Аудан әкімі Е.Карентаев