Мойынқұм ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мойынқұм ауданында арнаулы салық режимін оңайлатылатын декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
  2. «Мойынқұм ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерін төмендету туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 16-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5159-08 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Лауазымы                                                                            Т.А.Ж.

Дата публикации
24 ноября 2025