Болашақ сайлаушылармен қонақ дәріс

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М. Әбдіровпен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдығына орай арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы М.Жұмабаев атындағы мектеп лицейінде болашақ сайлаушылармен қонақ дәрісін өткізді. Дәріс беру барысында тыңдаушыларға «Конституциялық таңдау және сайлау құқығы», «Сайлау әділеттілігі», «Сайлау еркіндігінің кепілдіктері», «Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының қағидаттары» тақырыптарындағы ақпарат берілді, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Дата публикации
12 сентября 2025