Мойынқұм аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы жанынан
Жас сайлаушылар клубын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 11-1)-тармағына және 12)-тармағына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандары құрылсын.
- Жас сайлаушылар клубының жұмысын жоспарлап, үйлестірудегі мемлекеттік мекемелер келісімі №1 қосымшаға сәйкес рәсімделсін.
- Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан кұрылатын жас сайлаушылар клубы туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілісін.
- «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлескен жылдық шаралар кешені жоспарлары әзірленсін.
- Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Гульнур Маратовна Мукашеваға жүктелсін.
- Осы қаулы Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын
Төраға С.Садуакасов
Хатшы Е.Жұмаділдә