ЖОБА
Мойынқұм ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1 тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу №91586) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мойынқұм ауданының шалғайдағы елді мекенінде (ескі Байтал елді мекені) тұратын балаларды «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау схемасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Мойынқұм ауданының шалғайдағы елді мекенінде (ескі Байтал елді мекені) тұратын балаларды «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдау тәртібі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тулеулиев Меирхан Бериковичке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Карентаев