2025 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:
2025 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО 392 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде:
2025 жылдың ІІ тоқсанында ЖАО-мен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер фактісі орын алмады.
2025 жылдың ІІ тоқсанында қызметті көрсетуден бас тарту фактісі орын алған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 9 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.
2025 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанында 1 бақылау іс-шаралары (Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептері-18, объективті себептері-0), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 18 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуы – 10 факт;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылуы – 5 факт;
- заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамау - 2 факт;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу – 1 факт;
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 0.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 2 ұсыным әзірленіп, орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.