2025 жылғы І тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қысқаша есебі

Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2025 жылдың І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (3,1 %);
  • электронды түрде – 42 қызмет (43,8 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1 %).

 

2025 жылдың І тоқсанында облыс бойынша ЖАО 476 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде:

  • электронды түрде –    400 қызмет (84,1 %);
  • қағаз түрінде –     34 қызмет (7,1 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   42 қызмет (8,8 %). 

 

2025 жылдың І тоқсанында ЖАО-мен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер фактісі орын алмады.

2025 жылдың І тоқсанында қызметті көрсетуден бас тарту фактісі орын алған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 9 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.

        

 

                                          

Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдарының

2025 жылдың І тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

         «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың І тоқсанында 1 бақылау іс-шаралары (Аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі) жүргізілді.

         Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептері-2, объективті себептері-1), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 3 заңбұзушылық анықталды.

         Атап айтқанда:

         - көрсетілетін қызмет берушілер орналасқан жерлерде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауы – 1 факт;

         - мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмыс туралы есепті нысанда көрсетілген мәліметтерді растайтын статистикалық есептің толық болмауы – 1 факт;

         - түскен өтініштерді «ИИС ЦОН» ақпараттық жүйесінде тіркеу тетігі қарастырылмаған. Ақпараттық жүйеге келіп түскен өтініштерді сол күні тіркеу мүмкін емес - 1 факт;

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 0.

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 2 ұсыным әзірленіп, орындалды.

         Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.

Дата публикации
09 апреля 2025