Мойынқұм ауданы Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағына сәйкес
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 18 мамырға Мойынқұм ауданы Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Мойынқұм ауданы Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.
Төраға С.Садуакасов
Хатшы Е.Жұмаділдә
Мойынқұм ауылы,
09 сәуір 2025 жыл
№5