Мойынқұм ауданында Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша
сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мойынқұм ауданының Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша Кеңес, Қызылтал, Қызылотау және Ұланбел ауылдық округтерінің шекарасында сайлау округтері құрылсын.
- Сайлау округтері және олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.
Төраға С.Садуакасов
Хатшы Е.Жұмаділдә
Мойынқұм ауылы,
09 сәуір 2025 жыл
№4