2024 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарында

2024 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

 

І.   Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген)
37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанында 1 бақылау іс-шаралары (Қызылтал ауылдық округі әкімі аппараты) жүргізілді.

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 2 заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:                                                                                                                                                                             

  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 2 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 0.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 2 ұсыным әзірленіп, бүгінгі күнге жауапты тұлғалармен орындалуда.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.

ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ЖАО-лар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызметті көрсету барысында заңнама талаптарын бұзудың, яғни мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 16 фактісі анықталды.

           Атап айтқанда, Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамау (9), құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету (7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша.

 Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізу бойынша 2 ұсыным әзірленіп, бүгінгі күнге жауапты тұлғалармен орындалуда.

 Бұдан бөлек, ЖАО-лар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(«E-otinish» ақпараттық жүйесі) көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.

Нәтижесінде, «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықталмады.

2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.

2024 жылдың ІV тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 8 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда, медиа жоспарға сәйкес әлеуметтік желілерде, аудандық «Мойынқұм таңы» газет басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың ІV тоқсанында ЖАО-ның және оларға бағынысты мекемелердің 2 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Атап айтқанда:

  • Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Мойынқұм ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі – 1 қызметкер;
Дата публикации
06 февраля 2025