2024 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2024 жылдың ІІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (3,1 %);
  • электронды түрде – 42 қызмет (43,8 %);
  • мемлекеттік корпорация арқылы – 51 қызмет (53,1 %).

 

2024 жылдың ІІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО 438 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде:

  • электронды түрде –    421 қызмет (96,1 %);
  • қағаз түрінде –     2 қызмет (0,5 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   15 қызмет (3,4 %). 

 

2024 жылдың ІІІ тоқсанында ЖАО-мен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер фактісі орын алмады.

2024 жылдың ІІІ тоқсанында қызметті көрсетуден бас тарту фактісі орын алған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 15058 халықты қамтыған 10 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдарының

2024 жылдың ІІІ тоқсанында

көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын

ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

 

Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, бұзушылықтар анықталмады.

         Бақылау іс-шаралары кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуының 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің
0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың
0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі анықталды.

         Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 1 ұсыныс әзірленіп, толық көлемде орындалды.

Дата публикации
22 января 2025