Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 02 наурызға Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 02 наурызға тағайындалған Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Мойынқұм Таңы» газетіне жариялансын және Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
Төраға С.Садуакасов
Хатшы Е.Жұмаділдә
Мойынқұм ауылы
2025 жылғы 22 қаңтар
№ 2