Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларынбекіту туралы

Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің,

оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

Қағидаларынбекіту туралы

 

Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

"Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы"Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5133 болып тіркелген).

"Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы"Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 тамызындағы №25-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5227-08 болып тіркелген).

3.Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4.Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

      Мойынқұмаудандық

 

      мәслихатыныңтөрағасы

Н. Саурыков

 

шешім жобасы
Дата публикации
18 октября 2024