Ағымдағы жылдың 6- қыркүйек күні Мойынқұм аудандық аумақтық референдум комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді
Мойынқұм аудандық аумақтық референдум комиссиясының алғашқы отырысын комиссия төрағасы С.Садуакасов ашып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі №636 жарлығымен 2024 жылғы 6 қазанына республикалық референдум тағайындалғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес атом электр станциясын салу мәселесі азаматтардың пікірін ескеру мақсатында жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, аумақтық референдум комиссия отырысында мынадай мәселелер қаралды.
- Қазақстан Республикасы Орталық Референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №38/42 қаулысымен бекітілген 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған Республикалық Референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары уақыты орындалуы қамтамасыз ету туралы.
- Аудандық аумақтық референдум комиссия мүшелерінің негізгі лауазымдық міндеттері бағыттары бойынша жұмыстардың орындалуы қамтамасыз ету туралы.
- 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған Республикалық Референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі туралы.
- Учаскелік референдум комиссияларының құрамдарына мониторинг жасалып, босаған комиссия мүшелері орындарына жоғары тұрған референдум комиссиясының шешімімен уақытша, заң талаптарына сәйкес бекіту туралы.
- 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған Республикалық Референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануы тиіс аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының туралы жергілікті газетке ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіндегі санына жариялануы қамтамасыз ету туралы.
- Масс- медиа туралы заңға енген өзгерістерге байланысты, референдум учаскелеріндегі тәртіп ережесі жаңартылып, учаскелерде жаңартылған тәртіп ережесі ілінуі қамтамасыз ету туралы.
Сонымен қатар 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу барысы Күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуге тиіс екендігіне назар аударылу қажет екендігі ескертілді.