"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру"

 

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты;
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен;
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, "электрондық үкімет" веб-порталының жұмыс графигі

Жұмыс графигі:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, 15 (он бесінші) тамыз сағат 9.00-ден 30 (отызыншы) қыркүйек сағат 18.30-ға дейін тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;
2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
3) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтау.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Көрсетілетін қызметті алушының Порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсеткен кезде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
4) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары beta.egov.kz/memleket/entities/energo интернет-ресурста "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777.

Дата публикации
11 июля 2024