|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары. |
|
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы) |
портал арқылы. |
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
4 (төрт) жұмыс күні. |
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (толық автоматтандырылған). |
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама. |
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
|
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтініш; |
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
10. |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |