|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
|
|
2.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы)
|
портал арқылы
|
|
3.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
5 (бес) жұмыс күні ішінде
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электронды (толық автоматтандырылған)
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
|
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады
|
|
8.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін
|
1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша іс жүзінде тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат; 2) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, орындалған жұмыс туралы ақпарат; 3) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес билеттерді сату жөніндегі ақпарат; 4) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражаты туралы ақпарат; 5) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны алмастыратын адамнан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар; 6) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалған маршрут бойынша құны тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршрут (км) бойынша автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісін негізгі ала отырып, елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын құжат; 7) диспетчерлік қызметтің қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты. Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасында ұсынылады. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
|
|
9.
|
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
|